«Бақытты бала-бақытты ел» тақырыбында кітапханалық бульварь өтті.
30 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ашық аспан аясында «Бақытты бала-бақытты ел» тақырыбында кітапханалық бульварь өтті. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіре отырып көпшілікке кітап оқудың қажеттілігін насихаттап, кітапхана ісін заманауи бағытта дамытып, жаңа тың идеяларды іргерілету мақсатында ұйымдастырылған іс шарада кітапханашы кітап қорындағы балалар әдебиеттеріне қысқаша шолу жасап, жас оқырмандарға оқуға ұсынып, балалардың түрлі-түсті суретті кітаптарға деген қызығушылықтары арта түсті. Кеш асфальтка сурет салумен жалғасып, балаларға тәттілер таратылды.





