“Бақытты бала бақытты ел “ тақырыбында ертегі оқу болып өтті.

26 мамыр күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақбөпе балабақшасының бүлдіршіндерімен “Бақытты бала бақытты ел “ тақырыбында ертегі оқу болып өтті. Шара барысында кітапханашы балаларды мерекемен құттықтап, жақсы тілегін арнады. Балаларға ертегілер әлеміне саяхат жасап түрлі қызықты кітаптармен танысты.

Мақсаты:балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, ертегілерді оқуды үйрету. Бір-бірін сыйлауға адамгершілік қасиеттерің жоғалтпай ұстауға жетелеу.