“Бақытты бала – бақытты болашақ” атты библиошар өтті.

30 мамыр күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай “Бақытты бала – бақытты болашақ” атты библиошар өтті.Кітапханашы балаларды мерекесімен құттықтап, балалар жазғы демалыс жайлы қызықты сұрақтарға жауап берді. Шара соңында кітапхана қорындағы балаларға арналған әдебиеттерді оқырмандарға ұсынып,кітап оқуға шақырды.