“Балғын балалар біздің болашағымыз” тақырыбында кітап көрмесі өтті.
26 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері ашық аспан аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Балғын балалар біздің болашағымыз” тақырыбында кітап көрмесі өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар түрлі ойындар ұйымдастырып, балалардың уақытын көңілді өткізіп, қуаныш сыйлады және балалардың дүниетанымын кеңейтіп, кітап оқуға шабыттандыру, оларға кітаптың ең пайдалы әрі өзекті сыйлық екенін, қазіргі техниканың заманына қарамастан оның құндылығы жоғалмайтыны түсіндіру мақсатында “Балаларға базарлық” атты кітап көрмесі таныстырды.





