«Балғын балалар – біздің болашағымыз» танымдық сағат өткізілді.
1 маусым күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бәйдібек ауылдық кітапханасында «Балғын балалар – біздің болашағымыз» танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға қызықты ертегілер оқылып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар балалар арасында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылып, олар өз қиялдарын қағазға емес, түрлі-түсті борлар арқылы асфальт бетіне бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.


