«Балалық шаққа саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1 маусым күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шаққа саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхана қорындағы балалар әдебиеті, қызықты ертегілер мен танымдық кітаптар қойылып, жас оқырмандар назарына ұсынылды. Шараның мақсаты:балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және кітап арқылы рухани дүниесін байыту. Көрмені тамашалаған бүлдіршіндер өздеріне ұнаған кітаптармен танысып, ертегілер әлеміне қызықты саяхат жасады.