“Балалар жанының бағбаны” тақырыбында кітапханалық бульвар өткізді.
3 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Ә.Қалдыбаевқа арнап “Балалар жанының бағбаны” тақырыбында кітапханалық бульвар өткізді. Аталған шарада кітапханашы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалары жайында айтып, Ә. Қалдыбаевтың “ Мен – апамның баласымын”, “Таңдамалы шығармалары”, “Шығармалар жинағы” кітаптарымен таныстырды.

