«Балалар бағбаны» тақырыбында тич-ин өтті.

13 ақпан күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулати орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті балалар жазушысы, дарынды, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлдихан Қалдыбаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Балалар бағбаны» тақырыбында тич-ин өтті. Іс-шара барысында кітапханашы журналистика саласына өлшеусіз еңбек сіңірген, көргені көп, түйгені мол қаламгер туралы айтып, балалық бал дәурен шаққа көркем тілмен жетелейтін жазушының 4 томдық шығармалар жинағы және «Мен апамның баласымын», «Қос тентек», «Шаншар атай», «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр» т.б кітаптары оқырмандарға таныстырылып, оқуға ұсынылды.

Нет описания фото.