«Балалар әлемінің жыршысы» танымдық сағаты өтті.

25 ақпан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі, жазушы, ұстаз Кәрім Баялиевтің шығармаларына арналған «Балалар әлемінің жыршысы» танымдық сағаты өтті.

Іс шара барасында оқырмандарға шығармаларында баланың ішкі жан дүниесі, адамгершілік, еңбекқорлық, достық, отансүйгіштік тақырыптары кеңінен қозғалды. Кітап қорындағы «Адам ізі» кітабы шығармаларының бірі, оның іс әрекеті, мінезі адамдарға жасаған жақсылығы жайлы жазылғаны жеткізілді.