«Балалар әдебиетінің шебері» тақырыбында әдеби калейдоскоп өткізді.
15 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерің ұйымдастырумен Сәкен Сейфуллин орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі, жазушы, ақын, сценарист Б.Соқпақпаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің шебері» тақырыбында әдеби калейдоскоп өткізді. Шара барысында кітапханашы қаламгердің шоқтығы биік туындылары қазақ әдебиетінің деңгейін Алатаудай асқақтатқан көркем дүниелерін атап, жазушының талантын жан-жақты талдап, шығармашылық дарыны туралы баяндады. Оқушылар «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты шығармаларынан үзінді айтты.

