“Балалар әдебиетінің бағбаны” тақырыбында портрет кеші өтті.

29 қаңтар күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9-б сынып оқушыларының қатысуымен «Облыстық жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы аясында Сансызбай Сарғасқаевтың 100 жылдық мерей тойына орай “Балалар әдебиетінің бағбаны” тақырыбында портрет кеші өтті. Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолымен таныстырып, жазушының “Жұмбақ қыз “ атты шығармасына тоқталды.

Мақсаты: Оқушыларды білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.