«Балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында әдеби вернисаж өтті.
24 қаңтар күні Көктөбе ауылдық кітапханасында көрнекті балалар жазушысы, дарынды журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлдихан Қалдыбаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында әдеби вернисаж өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы жазушының көргені көп, түйгені мол қаламгер және тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей болып жазылған, тәлімі мол әдеби шығармаларына тоқталып, бейнеслайд көрсетілді.

