«Бала Жамбылдан – дана жырау Жамбылға» атты дауыстап оқу сағаты өтті.

31 наурыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бала Жамбылдан – дана жырау Жамбылға» атты дауыстап оқу сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың балалық шағынан бастап, ұлы жырау дәрежесіне дейінгі өмір жолы кеңінен таныстырылды. Қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығының тереңдігі мен тәрбиелік мәні жайлы пікір алмасты.