«Бала өмірдің гүлі» тақырыбында кітап фестивалі ұйымдастырылды.

1 маусым күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында «Бала өмірдің гүлі» тақырыбында кітап фестивалі ұйымдастырылды. Шарада «Жануарларға жақын бол», «Шалқан», «Орман үні», «Бауырсақ» тактильді кітаптарымен «Жануарға жақын бол», «Көліктер», «Аспаптар», «Орман үні» дыбысталған кітаптары таныстырылды.

Мақсаты: балалардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып , рухани дүниесін жетілдіру, тактильді кітап әлеміне саяхат жасап, баланың қызығушылығын арттыру, баланың сенсорлық қабілеттерін дамыту. Бала қолының ұсақ моторикасын дамытып, айтулы мерекеге орай көтеріңкі көңіл күй сыйлау.