«Бала күлкісі-әлемнің көркі» тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді.
31 мамыр күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бала күлкісі-әлемнің көркі» тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді. Кітапханашы бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, кітап көрмесіндегі жаңа кітаптармен таныстырды. Кітапханаға келген жас оқырмандардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында ойындар ойнатылды. Кітапханашы балаларға балмұздақтар үлестіріп, жазғы демалыста кітап оқуға шақырды.

