«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады…» атты мерекелік кеш өткізді.
6 наурыз күні аудандық орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Руханият» клуб мүшелерінің қатысуымен көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады…» атты мерекелік кеш өткізді. Кеш қонақтары Төле би ауылдық аналар алқасының мүшелері мен төрайымы Л.Сатыбалдиева және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Шараны ОКЖ директоры Б.Алжанбаева құттықтау сөз сөйлеп мерекелік кешті ашып берді.
Осы аталмыш мерекеге орай кітапханашы Э.Шингисова «Алғыс», Ж.Анарбекова «Анамның ақ жаулығы», А.Талғат, Е.Талғат «Мерекем», «Анашым» әндерін, «Би-Арт» би тобының бишісі К.Ермахан «Қамажай», «Египет» биін мың бұрала билесе, Мұрат Нұрхан Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін домбырада күмбірлете орындады. Кітапханашылар Ә.Токашева, Н.Рахымбаева ақындардың поэзиялық туындыларын мәнеріне келтіріп оқыды. Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.
Мерекелік кеш соңында аналарға және жас таланттарға сый-сияпат жасалынды.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.



