«Азаттық үшін айқас шежіресі» еске алу сағаты өтті.
9 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ұлт-азаттық көтеріліснің 110 жылдығына орай «Азаттық үшін айқас шежіресі» еске алу сағаты өтті.
Іс-шара барысында патша жарлығының мәні, «қара жұмысқа» адам алу себептері және көтерілістің басталуына түрткі болған жағдайлар туралы қысқаша мәлімет берілді.
Сонымен қатар, оқушылар Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Маманұлы, Тоқаш Бокин сынды тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігімен танысты.


