«Азаттық аңсағандар ел есінде» атты тарих сағаты өткізілді.

12 желтоқсан күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында Тәуелсіздік күніне арналған тарих сағаты өтті. Бүгін Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Азаттық аңсағандар ел есінде» атты тарих сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды туған елі мен жерін сүюге, тарихымыз бен тілімізге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сондай-ақ, Қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы күресін, елдің егемендікке жету жолындағы ерліктері мен жетістіктерін таныта отырып, жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру.

Шара барысында кітапханашы Тәуелсіздіктің тарихи маңызы, оған жету жолында қаншама құрбандықтар болғаны туралы айтып өтті. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін аянбай еңбек ету қажеттігін ұғынды.

Іс-шара оқырманның елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағытталды.