“ Азаттық аңсағандар ел есінде ” атты еске алу кеші өтті.

15 желтоқсан күні Белбасар ауылдық кітапханасында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай “ Азаттық аңсағандар ел есінде ” атты еске алу кеші өтті. Кеш барысында халқымыздың азаттығы жолында құрбан болған ерлердің ерлігі еске алынып, олардың есімін ақтау, тарихи әділдікті қалпына келтіру жолында атқарылған қыруар жұмыстар туралы да мәлімет берілді. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтардың батылдығы мен қайсарлығы бүгінгі ұрпаққа үлгі екені ерекше атап өтілді.