«Азалы жылдар ақиқаттары»тарих сағаты өтті.

29 мамыр күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы жылдар ақиқаттары»тарих сағаты өтті. Іс- шара барысында оқырмандар қазақ халқының ашаршылық, саяси қуғын-сүргін жылдарындағы қиын тағдырымен танысты.

Тарих сағатында қазақ халқының басынан кешкен нәубет жылдары туралы жан-жақты мәлімет беріліп, сол кезеңдегі ел өмірі, халықтың көрген қасіреті мен қайсарлығы айтылды.