«Ауыз әдебиеті әлеміне саяхат» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

15 маусым күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлері ашық аспан аясында «Ауыз әдебиеті әлеміне саяхат» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарды қазақ және әлем халықтарының ауыз әдебиеті мұраларымен таныстыру, ертегілер мен аңыз-әңгімелер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың танымдық қабілетін дамыту және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.