«Ауыл шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

14 қараша күні Еңбекші ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 7-сынып оқушыларымен «Ауыл шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Шараның басты мақсаты – туған ауылдың табиғи сұлулығын, жаны жайсаң тұрғындарын, ерекшелігін оқырмандарға кеңінен таныстырып, ауыл өмірінің құндылықтарын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Дәріс барысында оқушылар ауылдың тарихы мен танымал тұлғалары жайлы қызықты мәліметтермен танысып, ауылдың көркем келбеті мен салт-дәстүрлері туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.