«Ауыл шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа» тақырыбында дәріс болып өтті.

18 қараша күні Алға ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен«Ауыл шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа» тақырыбында дәріс болып өтті.

Дәріс барысында оқушыларға ауыл тарихының маңызы, ата-баба мұрасын сақтау, ұрпақтар сабақтастығы туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Кітапханашы тарапынан ауылдың шежіресі жайлы қызықты деректер ұсынылып, оқушылар өздерінің отбасылық тарихы жайында ой бөлісті.

Мақсаты: оқушыларға туған ауылдың тарихын таныту, ата-баба мұрасын қастерлеуге баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар арасындағы байланыс ұғымын қалыптастыру.