“Ауыл шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа” атты дөңгелек үстел өтті.
27 қараша күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында “Ауыл шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа” атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға ауылдың – халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесік, негізгі мекен-жай және ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі екендігі туралы мағлұмат берілді.
Кітапханашы қатысушыларға ауыл тарихының маңызын түсіндіріп, ата-баба аманатын қастерлеу, жерге деген құрмет, ұрпақтар сабақтастығы жайында ой бөлісті.


