«Ауғанын от жалыны» атты кездесу кеші өткізілді.
13 ақпан күні 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Абай ауылдық мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ауғанын от жалыны» атты кездесу кеші өткізілді. Ауған соғысына қатысқан, Аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынарбеков Бұралқы Сәтбайұлы тағдырдың жазуымен елге аман–сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамыздың осы уақытқа дейін алынған марапаттарымен таныстырылып, кітаптарға шолу жасалынды.

