«Ауғанстан – жүректегі жара» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.
13 ақпан күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ауғанстан – жүректегі жара» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – Ауған соғысы жылдарындағы қанды қырғында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың ерлігі мен батырлығын жас ұрпаққа насихаттау, ел үшін от кешкен азаматтарға құрмет көрсету болды.
Кеш барысында Ауған соғысының тарихы мен зардаптары туралы мәлімет беріліп, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті. Сонымен қатар, ардагерлердің өмір жолы жайлы естеліктер айтылып, патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылды.



