«Ауғанстан – жүректегі жара» атты еске алу кеші өтті.
13 ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапханасында 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауғанстан – жүректегі жара» атты еске алу кеші өтті.
Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, батырлыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.Шара барысында ардагерлерді бір минут еске алдық. Кітапханашы Ж.Касенова “Ауғанстан – жүректегі жара” тақырыбында баяндама оқыды.



