«Ауғанстан ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кеші өткізілді.

13 ақпан күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына орай «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кеші өткізілді.

Кездесуге Ауған соғысының ардагері Талап Махамадиев және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Шара барысында Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер бір минут үнсіздікпен еске алынды. Ардагер Талап Махамадиев ауған жеріндегі қиын да қасіретті күндер, соғыс жылдарындағы естеліктері мен бастан кешкен оқиғалары туралы әсерлі әңгіме өрбітті.