«Ауғанстан алауы – жанымызда» атты кездесу кеші өтті.

11 ақпан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай «Ауғанстан алауы – жанымызда» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу барысында Ауған соғысының ардагері Қызметов Аманжол ағамыз арнайы қонақ ретінде шақырылып, майдан даласындағы естеліктерімен бөлісті. Оқушылар ардагерге сұрақтар қойып, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен ерлікке толы оқиғалар туралы мол мағлұмат алды.

Тағылымды кеш қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, патриоттық рухты нығайтты.