“Ауған,сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған” атты кездесу кеші өтті.
12 ақпан күні N2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай “Ауған,сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған” атты кездесу кеші өтті. Шара барысы ҚР ән ұранымен ашылып, Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен жалғасты. Ғ.Мұратбаев орта мектебінің өнерпаздары патриоттық тақырыпта ән шырқап би билеп, ауған жауынгерлері туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

