«Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші өтті.

12 ақпан күні №10 Шу колледжінің акт залында, аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 15 ақпан – Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші өтті. Ісшара Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлерді еске алу(1 минуттық үнсіздікпен) ашылды. Кездесу кешіне құрметті қонақтар, интернацианалист ардагерлер Теңізбаев Марат Бескемпірұлы, Махамадиев Талап Асырұлы қатысып, қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсысы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтылып, ардагерлер білімгерлердің сұрақтарына жауап беріп, шара соңында қонақтармен естелік фотоларға түсіп, сыйлықтар табысталды.

Возможно, это изображение 9 человек, помост и текст «•0 REDMI NOTE /cAHEAA O REDMI OTE OTE ED CO ALQUADCAMERA AIQUADCAMERA CAMERA မိ RLOME RCOMENOFE9 OFEY AIQLA CAMERA REDMIN NOTE TE - QUAD AMERA»