“Ауған сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған” атты кездесу кеші өтті.
13 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай “Ауған сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған” атты кездесу кеші өтті. Іс -шара барысында ҚР ән ұранмен ашылып, Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен жалғасты.





