«Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу кеші өтті.

14 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қ.Сәтпаев мектебінің оқушыларымен 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуына 36 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагері Теңізбаев Марат Бескемпірұлымен «Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу кеші өтті. Шара барысында оқушыларға бұл соғыстың шығу салдары жайлы мәліметтер слайд арқылы түсіндіріліп,оқушылар өлең-жырларын арнап, ардагермен сұхбат болды.Марат Бескемпірұлы оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, соғыстың зардабы мен қаруластарымен өткен қиын қыстау оқиғаларымен бөлісіп, балаларға ешқандай соғыс болмасын, ашық аспан, бақытты балалық шақ тілейтінін айтып өтті. Шара соңында «Ауғаныстан-біздің есімізде» атты кітап көрмесімен таныстырылды.

Возможно, это изображение 14 человек, люди учатся и текст