“Ауған ардагерлері арамызда” атты кездесу кеші өтті.
14 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Ауған ардагерлері арамызда” атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Аудан соғысының ардагері Байдалиев Ерлан Толдыханович қатысып, кітапханашы оқушыларға ауған соғысы жайлы мәліметтер айтып, “Жартасты жастанған жасақ” атты кітаппен таныстырды. Оқушылар ардагерге сұрақтар қойып, естелік суретке түсіп, сый құрмет көрсетілді.


