«Ауғанын от жалыны» атты кездесу кеші өткізілді.

14 ақпан күні Абай ауылдық мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ауғанын от жалыны» атты кездесу кеші өткізілді. Ауған соғысына қатысқан, Аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынарбеков Бұралқы Сәтбайұлы өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет болды. Ардагер ағамызға сый сияпат көрсетіліп, ән мен биден шашу шашылып, көрініс қойылып, құрмет көрсетілді.