«Ауған соғысы ақиқаты» атты кездесу кеші өтті.
13 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Ауған соғысы ақиқаты» атты кездесу кеші өтті. Кешке Ауған соғысының ардагері Б.Пиязбаев, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Шара барысында жас өнерпаздар ардагерлерге арнап өз өнерлерін көрсетті. А.Қалмаханбет соғыс жылдарындағы оқиға туралы «Жылдар сөйлейді» тақырыбында баяндама оқып, керемет әсерге бөледі. Мектеп оқушылары да ардагерге сұрақтарын қойып, Ауған соғысы кезіндегі оқиғаларға қанық болды.

