«Атыңнан айналайын, Шу өңірі» атты әдеби-әуенді кеш өтті.

16 сәуір күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап ұлттық құндылық» ӘULIEATA BOOK РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ФЕСТИВАЛІНЕ Шу ауданы орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері қатысты.

Тараз қаласындағы Достық үйінің фойесінде Шу ауданының 95 жылдығына арналған «Атыңнан айналайын, Шу өңірі» атты әдеби-әуенді кеш өтті. Кеш «Шежірелі туған өлкем» атты кітап көрмесімен ашылып, кітапханашылар жергілікті ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән мен биден шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.