«Аты аңызға айналған тұлға» атты ерлік кеші өткізілді.

18 қараша күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Аты аңызға айналған тұлға» атты ерлік кеші өткізілді.

Шара барысында кітапханашы оқушыларға ержүрек қолбасшының өмірі мен ерен ерлігі жайлы, нақыл сөздерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар батырдың ерлігін дәріптейтін кинофильм көрсетіліп, оқушылар ерлік, отан жайлы өлеңдерін оқыды. Шара соңында «Аты аңызға айналған Ұлы тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.