«Аты аңызға айналған батыр» атты өмірбаяндық шолу
13 наурыз күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толу мерейтойына орай «Аты аңызға айналған батыр» атты өмірбаяндық шолу Т.Әшімбаев орта мектебінің 6 сынып оқушыларынң қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға даңқты қолбасшының өмір жолымен таныстырып, нақыл сөздері мен тәлім-тәрбиелік мұрасы туралы айтып өтті. Сонымен қатар оқырмандарға кітап қорындағы әдебиеттермен таныстырып, «Ұшқан ұя» кітабына шолу жасады.

