«Ата Заң-елдің айбыны» атты оқырмандар конференциясы өтті.
28 тамыз күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен Конституцияның 30-жылдығына орай «Ата Заң-елдің айбыны» атты оқырмандар конференциясы өтті. Шара барысында кітапханашы қазақ қоғамының ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшіліктеріне, жетістіктеріне тоқталып өтті. Мақсаты: Оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру.Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.



