«Асық – қазақ халқының ұлттық мұрасы» сыр-сандық ұйымдастырып өткізді.
9 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Ұлттық құндылық» жобасы аясында «Асық – қазақ халқының ұлттық мұрасы» сыр-сандық ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрін дәріптеу.
Шара барысында қазақ халқының құндылықтары, тілі, діні талқыланып, оқушылар арасында интеллектуалды ойындар ойнатылды. Атап айтсақ, сыр-сандықтағы асықтарды атып, барабанды айналдырып, ұлттық мұраларға қатысты сұрақтарға жауап берді, және сүреттегі мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.



