«Асық ату – ұлттық ойын» танымдық ойын сағаты өткізілді.

20 наурыз күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында «Асық ату – ұлттық ойын» танымдық ойын сағаты өткізілді. Кітапханашы асық ойынының шығу тарихы, түрлері (алшы, тәйке, бүк, шік) мен ережелері туралы қысқаша мәлімет берді. Оқушылар асық атып, өз шеберліктерін көрсетіп, ойынға үлкен қызығушылық танытты.

Іс-шара соңында белсенді қатысушылар мадақталып, ұлттық ойындарды дәріптеу қажеттігі айтылды.