«Асыл адам айнымас» атты өнеге сағаты өтті.
24 маусым күні Көктөбе ауылдық кітапханасында кафедра меңгерушісі, декан, проректор, Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, абайтану бөлімінің меңгерушісі Мекемтас Мырзахметұлына 95 жыл толуына орай «Асыл адам айнымас» атты өнеге сағаты өтті. Іс-шараға Жамбыл атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Мекемтас Мырзахметұлының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды.


