«Астана – Ұлы дала елордасы» атты библиошар өтті.
3 шілде күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Астана – Ұлы дала елордасы» атты библиошар өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды Қазақстанның бас қаласы Астананың тарихымен, бүгінгі келбетімен, мәдениетімен және сәулет өнерімен таныстыру, елордаға деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Библиошар барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, еліміздің дамуындағы маңызы, көрікті ғимараттары мен тарихи-мәдени нысандары туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Сонымен қатар, қатысушыларға елорда туралы қызықты деректер ұсынылып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.



