«Астана ұлтымыздың рухани ордасы» тақырыбында библиошар өткізілді.
4 шілде күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Елордамыз Астана қаласының туған күніне орай «Астана ұлтымыздың рухани ордасы» тақырыбында библиошар өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Астана қаласы Қазақстанның мәдени орталығы болып табылатынын, қазіргі заманғы алып қаланың тарихы мен жетістіктері туралы мағлұматтар берді. Шара соңында «Астана-мерейім, мәртебем беделім» атты кітап көрмесіне шолу жасады.



