«Астана – Мәңгілік Елдің мекені» атты танымдық сағат өткізілді.
2 шілде күні Еңбекші ауылдық кітапханасында «Астана – Мәңгілік Елдің мекені» атты танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы жан-жақты мәлімет беру, олардың танымдық қызығушылығын арттыру, ізгілік қасиеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар, жас ұрпақты туған жерін, Отанын сүюге, елін құрметтейтін, отансүйгіш әрі патриот азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қатысушылар Астананың тарихы, көрікті орындары, ел дамуындағы маңызы туралы мәліметтермен танысып, қызықты сұрақ-жауаптар мен пікір алмасуға қатысты.



