«Астана – бейбітшілік пен келісім ордасы» атты печа-куча форматындағы танымдық іс-шара өтті.

2 шілде күні №1 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Теміржол» саябағында «Астана – бейбітшілік пен келісім ордасы» атты печа-куча форматындағы танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды еліміздің бас қаласы Астананың тарихымен, жетістіктерімен және ел дамуындағы маңызымен таныстыру, жастардың танымдық қызығушылығын арттыру, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Кездесу барысында Астананың көрікті жерлері, сәулет өнері және тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы ерекше орны туралы мазмұнды ақпарат ұсынылып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.