“Асқақ рухты Әулиеата” тақырыбында ақпараттық шолу өтті.
15 желтоқсан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен “Асқақ рухты Әулиеата” тақырыбында ақпараттық шолу өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Әулиеата өңірінің тарихы, шежіресі, мәдени мұралары т.б. тың деректермен таныстырып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.





