«Асқақ қала- Астана» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді.
4 шілде күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Астана күніне орай кітапхананың «Асқақ қала- Астана» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы бас қаламыз Астана туралы баяндама оқып, оқырмандар О.Тұржанның «Жаңа Астана», А.Нұрмұханның «Сұлу қала-Астана» өлеңдерін оқыды.



