«Артында өшпес ән қалған» атты әдеби караоке өткізілді.

12 ақпан күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі әйгілі композитор, талантты әнші, Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Артында өшпес ән қалған» атты әдеби караоке өткізілді. Оқырмандар Қазақстанның бейресми әнұранына айналған “Атамекен” әнін шабыттана шырқап, қазақ ән өнерінің алтын қорына мол мұра қалдырып кеткен, әйгілі композитордың өмірі мен шығармашылығымен таныс болды.

Возможно, это изображение 28 человек, люди учатся и текст